Біз cервистер мен платформаларды қолдау үшін цифрлық шешімдер жасаймыз
Компания туралы
Біз төлем инфрақұрылымы жай ғана қызмет емес, технология мен процестердің жұмысы байқалмайтын, бірақ сенімді жұмыс жасайтын сенім ортасы деп санаймыз
NomaPay төлем ұйымдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген, бұл шешімдердің техникалық та, заңдық та жетілгендігін растайды. Біз сенімділік, ашықтық және икемділік дәрежесі жоғары B2B интеграциясын ұсынамыз. Біздің клиенттеріміздің бизнесі мен инфрақұрылымы контекстіне бейімделіп, технологиялық серіктес ретінде жұмыс жасаймыз
Біз келесі бағыттарға арналған цифрлық қызметтерді әзірлейміз:
пайдаланушыларды сәйкестендіру
төлемдерді қабылдау және жіберу
төлемдерді жүзеге асыру
электрондық әмияндар мен ақшаны басқару
Процестердің ашықтығы
Технологиялық икемділік
Стандарттарға сәйкестік
Тұрақтылық және қауіпсіздік
Қауіпсіздік
NomaPay-де пайдаланушылардың деректерін және қаржылық операцияларды қорғау – стратегиялық басымдық. Біз Қазақстан Республикасындағы ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке кешенді тәсілді жүзеге асырамыз
Халықаралық стандарттар мен сертификаттау
NomaPay халықаралық PCI DSS – Төлем карталары индустриясының деректерді қорғау стандартына сәйкес келеді, ол төлем карталарының иелерінің деректерін қорғауды реттейді Карта деректерін өңдеу, сақтау және беру процестері PCI DSS талаптарына сәйкестігін тексеру үшін тұрақты түрде тәуелсіз аудиттен өтеді Клиенттер мен біздің сервистеріміз арасындағы деректерді сақтау және алмасу заманауи криптографиялық протоколдар мен қорғау құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасының нормативті талаптарына сәйкестік
NomaPay ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарға толық сәйкес келеді, бұл талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Сәйкестік аккредиттелген зертханада «электронды үкімет» және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бойынша объектілерді сынау әдістемесі мен ережелеріне сәйкес сынақтарды сәтті өткендігімен расталады, бұл талаптар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы №111/НҚ бұйрығымен бекітілген
Біздің артықшылықтарымыз

01
Өз процессингі мен алаяқтыққа қарсы жүйесі
Біз төлемдерді өз бетімізше өңдейміз және әр кезеңде, оның ішінде Ұлттық Банктің антифрод-орталығы арқылы алаяқтықтан қорғауды қамтамасыз етеміз
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен тікелей дерек алмасу
СДАО, ДДҚЖБ және ЖТМДҚ жүйелерімен тікелей байланыс
02


03
Visa және Mastercard банк карталарымен төлем
Сізге ыңғайлы болу үшін негізгі төлем әдістерін қолдау
Икемді төлем маршрутизациясы
Ақылды қайта бағыттау механизмдері транзакциялардың үздіксіздігін қамтамасыз етеді
04

Байланыстар
